Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ балық шаруашылығы ретінде жасырылған есірткі бизнесін жойды

ІІМ балық шаруашылығы ретінде жасырылған есірткі бизнесін жойды
Фото: Polisia.kz

ІІМ ҰҚК және прокуратурамен бірлесіп, аса ірі мөлшерде каннабис өсірумен айналысқан жасырын есірткі зертханасын анықтып, көзін жойды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Балық шаруашылығының атын жамылған қылмыстық кәсіп Алматы облысының Байкен ауылында жүзеге асырылған. Жедел-тергеу шараларының нәтижесінде заңсыз айналымнан құрамында есірткі бар өсімдіктердің бір жарым мыңнан астам бұтасы тәркіленді.

Үш гектарлық заңсыз жылыжай ғимараттың жертөлесінде орналасқан, онда балық өндірілген.

Тінту барысында 10 млн теңгеден астам ақша, жарықтандыру аспаптары, жылу шамдары, жылыту және желдету жүйелері, суаруға арналған заттар және есірткі өсіруге арналған басқа да жабдықтар тәркіленді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 18 адам құрықталды. Есірткі өнімдерін одан әрі жеткізу арнасы анықталып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, ІІМ жыл басынан бері 56 есірткі зертханасын жойып, 23 тоннадан астам түрлі есірткі түрлерін тәркілеп, заңсыз айналымға жібермеді. Бұл бағытта жұмыс жалғасып жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты