Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Ресей үкімет басшыларының орынбасарлары ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша өзара іс қимылды талқылады

Қазақстан мен Ресей үкімет басшыларының орынбасарлары ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша өзара іс қимылды талқылады
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин мен РФ Үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Оверчук ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде екі елдің ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының отырысында көтерілген талқылаулар жалғасты.

Тараптар ақпараттық жүйелердің өсімдіктер карантині саласындағы электрондық ветеринариялық құжаттармен және деректермен алмасуға дайындығын растады. Енді ЕЭК тарапынан қазақстандық АЖ-ны мемлекетаралық тестілеу кезеңі күтіп тұр. Осы рәсімдер сәтті аяқталғаннан кейін және қазақстандық және ресейлік ақпараттық жүйелерді интеграциялағаннан кейін қатысушылар бақылаудағы жүктерді әкелуге, әкетуге және транзитке арналған рұқсаттардың бірыңғай дерекқорына, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруді, қайта өңдеуді және сақтауды жүзеге асыратын ұйымдар мен тұлғалардың тізіліміне онлайн режимінде қол жеткізе алады. Бұл өсімдік және мал шаруашылығы өнімдері бойынша экспорттық-импорттық операцияларды тасымалдауды едәуір жеңілдетеді және жеделдетеді.

Қазақстан тарапы жақын арада Ресей Федерациясының тағы 16 өңірінен Қазақстан арқылы шошқа етін әкелуге және транзиттеуге шектеулерді алып тастауға дайын екендігі туралы хабарлады. Осы өңірлердің қауіпсіздігі тиісті зерттеулердің нәтижелерімен және қажетті уақыт мерзімдерінің аяқталуымен расталады. Естеріңізге сала кетейік, биылғы қаңтар айынан бастап РФ 43 аймағының аумағынан шошқа етін әкелуге және транзиттеуге шектеулер алынып тасталды.

Сондай-ақ кездесуге қатысушылар Қазақстаннан Ресейге ауыл шаруашылығы өнімдерінің жекелеген түрлерін әкелуге Россельхознадзордың шектеулері бойынша жағдайды талқылады. Тараптар осы шектеулерді тез арада реттеу және алып тастау мүмкіндіктері туралы ұсыныстармен алмасты, оларды екі елдің салалық ведомстволарының мамандары нақты қарайтын болады. 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өткізілген келіссөздердің қорытындысын шығару үшін тағы бір кездесу өткізуге келісті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді