Елордада Республика күніне және Астана қалалық мәслихатының 30 жылдығына орай қаладағы «Сенім» тұрғын үй кешенінде күрделі жөңдеу жүргізілген жаңа аула пайдалануға берілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Ашылу салтанатына қалалық мәслихат депутаттары мен қала тұрғындары қатысты. Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов тұрғындарға қолайлы жағдай жасау маңызды екенін айтып, жиналған қауымды келе жатқан Республика күнімен құттықтады.«Бүгінгі
Аулада спортпен айналысуға арналған тренажерлер және балалар ойын алаңы жаңартылған. Асфальт жабыны ауыстырылып, қоршаулар қойылған. Сонымен қатар орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылған.Биыл Астанада барлығы 170 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады. Жұмыстар қаланың барлық аудандарында жүргізілуде, соның ішінде тұрғын алаптары қамтылған. Жұмыстың көп бөлігі аяқталды.