Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында 237 шетелдік азамат елден шығарылды

Түркістан облысында 237 шетелдік азамат елден шығарылды
Фото: Polisia.kz

Түркістан облысында 237 шетелдік азамат елден шығарылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысында көші-қон қызметі басқармасының тәртіп сақшылары көші-қон заңнамасын бұзу деректерін анықтау, жолын кесуге бағытталған “Заңсыз келуші” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр. Іс-шараның 4 тәулігінде көші-қон заңнамасын бұзған 1017 құқық бұзушы анықталды. Оның ішінде 861-і шетелдік азамат, 159-ы ҚР азаматы болған. Мәселен, шетел азаматын заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткен 129 азамат, шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 27 қазақстандық азамат жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ 237 шетел азаматы сот шешімімен ел аумағынан аластатылды.

Атап айтсақ, Мақтаарал ауданында уәкілетті органның рұқсатынсыз егістік алқапта заңсыз жұмыс істеп жүрген 38 шетелдік азамат анықталды. Оларға қатысты жинақталған құжаттар сотқа жолданып, заңға сәйкес шетелдіктер елден шығарылды.

Іс-шара барысында полицейлер Қазақстан Республикасына заңсыз келгендерді, құжатсыз еңбек қызметімен айналысатындарды, шетелдіктерді және заңсыз көші-қонға байланысты өзге де құқыққа қайшы әрекеттерді анықтауға баса назар аударып жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады