Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда қант өндірісі 79% азайды

Қазақстанда қант өндірісі 79% азайды
Фото: pixabay.com

Қазақстанда қант өндірісі айтарлықтай төмендеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, тамыз айында 9,3 мың тонна қант өндірілген. Шілдемен салыстырғанда бұл 46,7%-ға немесе 8,1 мың тоннаға аз. 

Ал 2022 жылдың тамызымен салыстырғанда өндіріс 79,1% немесе 35,2 мың тоннаға құлдыраған.

Бірінші кредиитік бюро сарапшыларының пікірінше, бұл маусымдық құлдырау болуы мүмкін.

Десе де, елімізге қант импорты өсуде. Жеті айдың қорытындысы бойынша оның көлемі 322,6 мың тоннаны (+18,7% немесе 50,8 мың тонна) құрады. Әсіресе, Ресей қант тасымалын үш есеге жуық, 180,5 мың тоннаға дейін арттырды. Ал Бразилия импорты 7,2%-ға, 131 мың тоннаға дейін төмендеді.

Бұған дейін қазақстандық зауыттар Ресейден импортының кесірінен қантты "әділ" бағамен сата алмайтыны хабарланған болатын.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді