Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ШҚО-да полицейлер қос азаматтығы бар 48 адамды анықтады

ШҚО-да полицейлер қос азаматтығы бар 48 адамды анықтады
Фото: Polisia.kz

ШҚО-да полицейлер қос азаматтығы бар 48 адамды анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

9 азамат сот шешімі бойынша Қазақстаннан тыс жерлерге шығарылды.

ШҚО полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы қос азаматтығы бар облыс аумағында тұратын адамдарды анықтау үшін үнемі тексерулер жүргізеді.

Мысалы, Өскемен қаласының 59 жастағы тұрғыны 2021 жылдың мамыр айында көрші мемлекеттің азаматтығын алған, бірақ бұл туралы заңда белгіленген мерзімде құқық қорғау органдарына хабарламаған.

– Шетелдіктің жеке куәлігі мен Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты тәркіленіп, Қазақстан азаматтығынан айыру тіркелді. Заңды бұзғаны үшін ер адам 200 АЕК көлемінде айыппұл төледі, – деп атап өтті ШҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ринат Шкибаев.

Жыл басынан бері тәртіп сақшылары қос азаматтықты ресімдеген облыстың 48 тұрғынын анықтады, оның 9-ы сот шешімі бойынша ел аумағынан шығарылды.

ШҚО ПД көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес елімізде қос азаматтыққа жол берілмейтіндігін және заңнама талаптарын сақтауды ескертеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты