Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Моңғолия көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Моңғолия көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Баяхмет Қазақстан мен Моңғолия арасындағы көлік саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді талқылау жөніндегі кездесуге қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесу аясында автожол саласындағы өзара іс-әрекеттің негізгі мәселелері талқыланып, мемлекеттер арасында жаңа автомобиль жолын салу жайында сұрақтар пысықталды.Автожолдың жаңа бағыты Моңғолия шекарасына қарай шығатын Өскемен, Риддер қалалары және Туэкта (Ресей Федерациясы) елді-мекені арқылы өтпек. Болжамды жаңа маршруттың қазақстандық учаскесі – Өскемен қаласынан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі аралықта салынды. Оның жалпы ұзындығы 189 шақырым, 62 шақырымда күрделі және орташа жөндеу жұмыстары атқарылады. Маршруттың басым бөлігі Ресей Федерациясының аумағында өтеді, егер Ресей тарапының жол салуға келісімі болса, маршрут 837 шақырымды құрайды. Ал қазір қолданыстағы «Өскемен – Рубцовск – Барнаул – Туэкта автомобиль жолы – Моңғолия шекарасы» тасжолының ұзындығы 1 604 шақырымды құрайды. Жаңа жолдың құрылысы жол жүру уақытын едәуір қысқартып, Қазақстан мен Моңғолия арасындағы көлік байланысын жақсартып қана қоймай, экономикалық және мәдени байланыстарды нығайтудағы маңызды қадам болмақ.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі