Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Топ-5: қазақстанға қай елден туристер көп келді?

Топ-5: қазақстанға қай елден туристер көп келді?
Фото: pixabay.com

Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, 2024 жылдың қаңтар-маусым аралығында елімізге 566,5 мың шетелдік турист саяхаттаған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл 2023 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 50,7 мың адамға көп. 2023 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанға 515,8 мың шетелдік турист келген.Статистикаға сәйкес, елімізге келетін шетелдік туристердің географиясы жыл сайын кеңейіп келеді. Мысалы, жақын көршілерден бөлек, Қазақстанға мұхиттың арғы бетіндегі мемлекеттерден де саяхатшылар келе бастады. Осы орайда, назарларыңызға 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында елімізге келген туристер саны бойынша ТОП-5 елді ұсынамыз.2024 жылдың алғашқы 6 айында елімізге ең көп саяхатшы Ресей Федерациясынан келген. Былтырғы қаңтар-маусым аралығында Қазақстанға 186,1 мың ресейлік саяхаттаған. Екінші орынды Қытай туристері иеленді. Шығыстағы көршімізден елімізге 69 918 адамның табаны тиген. Ал үшінші сатыға Үндістан (53 695 адам) жайғасты. Сондай-ақ үздік бестіктің қатарында Түркия (30 312) және АҚШ (19 597) елдері бар.
«Елімізге Үндістан, Түркия және АҚШ сияқты елдерден келетін туристер санының артуы Қазақстанның әлемдік туристік картада жыл өткен сайын тартымды бағытқа айналып жатқанын көрсетеді. Біз туристік инфрақұрылымды дамытуды және әлемнің түкпір-түкпірінен келген саяхатшылар үшін қолайлы жағдай жасауды жалғастырамыз», - деді Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Мультимедиа
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады