Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Есірткі орамын тауып алып, өзінде сақтаған ақмолалық тұрғын 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды

Есірткі орамын тауып алып, өзінде сақтаған ақмолалық тұрғын 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды
Фото: polisia.kz

Есірткі орамын тауып алып, өзінде сақтаған ақмолалық тұрғын 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көкшетау қаласының тұрғыны аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды сақтағаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Полиция қызметкерлері есірткі қылмысын осы жылдың маусым айында анықтады. Қылмыстық іс материалдарына сүйенсек, 51 жастағы Көкшетау тұрғыны тыйым салынған затты тауып, кейін оны өзімен сақтаған.

Сотталушы есірткі салынған орамды жеке сектордың аумағынан тапқанын айтты. Ол есірткіні өзі қолданатындықтан, орамның ішінде тыйым салынған зат екенін білген. Сараптама көрсеткендей, тәркіленген есірткі салмағы 1,14 грамнан асатын психотроптық “а–PVP” заты болып шықты.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жиынтық кестеге сәйкес алынған заттың массасы аса ірі мөлшерге жатады. Осылайша сотталушының іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша сараланды.

Сот ақмолалықты кінәлі деп тауып, оған ең жоғары қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, төрт жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ сотталған адамға нашақорлықтан мәжбүрлеп емдеу тағайындалды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді