Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Халықаралық еңбек ұйымының Бас директоры Жильбер Унгбомен кездесті

Мемлекет басшысы Халықаралық еңбек ұйымының Бас директоры Жильбер Унгбомен кездесті
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Халықаралық еңбек ұйымының Бас директоры Жильбер Унгбомен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жильбер Унгбоға ілтипат білдіріп, оның бұл сапары Қазақстан мен Халықаралық еңбек ұйымының арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін беру тұрғысынан аса маңызды екенін айтты.

Президент Халықаралық еңбек ұйымының әлеуметтік әділдік қағидаттарын жаһандық ауқымда дамытудағы рөліне тоқталды.

– Біз Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Бұл тұжырымдама Сіздердің әлеуметтік әділдік бастамаларыңызбен үндес. Халықаралық еңбек ұйымының сенімді әрі әділ, тиімді әлеуметтік келісімді қамтамасыз ету, сондай-ақ еңбеккерлердің құқығын ілгерілету ісіндегі миссиясы ешқандай талас тудырмайды. Қазақстан Ұйымның 25 негізгі конвенциясын ратификациялады. Бұл жұмыс жалғаса береді, – деді Президент.

Мемлекет басшысы азаматтардың әл-ауқатын арттыру, заң үстемдігі мен адам құқығын қорғау бағытында Қазақстанда атқарылып жатқан жұмыстар жайында мәлімет берді.

Өз кезегінде Жильбер Унгбо Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Әділетті Қазақстанды құру жолында жүргізіліп жатқан ауқымды реформаларды жоғары бағалады.

Бұдан бөлек, Президентке Үкімет мүшелерімен нәтижелі кездесулер өткенін және Халықаралық еңбек ұйымының мақсат-міндеттерін ілгерілету мәселесінде Қазақстанның аймақта көшбасшы екенін атап өтті.

– Сіздің еліңіз әлеуметтік, еңбек жағдайын жақсартуға айтарлықтай күш салып отыр. Бұл біздің Ұйымның Әлеуметтік әділдік үшін жаһандық коалициясы аясындағы бастамаларына сай келеді, – деді Халықаралық еңбек ұйымының Бас директоры.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жильбер Унгбо Қазақстанның әлеуметтік саясатын нығайтуға бағытталған шараларды ынтымақтаса отырып жүзеге асыруға және Халықаралық еңбек ұйымымен өзара тиімді серіктестікті дамытуға келісті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді