Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда Рысқұлов даңғылының бір аумағында жөндеу жұмыстары аяқталды

Алматыда Рысқұлов даңғылының бір аумағында жөндеу жұмыстары аяқталды
Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда орташа жөндеу жұмыстары аяқталып, Рысқұлов даңғылының оңтүстік жағында қозғалыс ашылды. Естеріңізге сала кетейік, жөндеу жұмыстары 11 тамыздан бастап Рысқұлов-Кудерин жолайырығы көпірінен Рысқұлов-Бөкейханов жолайырығына дейінгі учаскеде жүргізілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі tengrinews.kz сайтырна сілтеме жасап.

Қалалық мобилділік басқармасының хабарлауынша, соңғы рет аталған учаскеде жөндеу жұмыстары 2014 жылы, яғни 10 жыл бұрын Алматының жол-климаттық аймағын ескере отырып, 5 жылдық нормативпен жүргізілген.

Сондай-ақ, бүгінгі күні Момышұлы көшесінің аумағын орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жұмыс 16 тамызда сағат 11.00-ге дейін жалғасады.

Бұған қоса, ертеңнен бастап 15 тамыз сағат 20.00-ге дейін жөндеу жұмыстарына байланысты Сәтбаев көшесінің Достық даңғылынан Луганский көшесіне дейінгі учаскесінде қозғалыс жабылады.

Айта кету керек, 20 магистральдық көшені жөндеу кезінде жол төсемінің беріктігін арттыруға бағытталған полимерасфальтобетон қолданылады. Жөнделген аумақтар 36 сағат бойы тиісті талапқа сай салқындап, қатуы керек.

Қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен магистральдық көшелерді жөндеу тамыз айының соңына дейін, аудандық маңызы бар көшелерді жөндеу қазан айының соңына дейін аяқталады.

Еске сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және "Яндекс карталары" сервистерінде жазылған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Мультимедиа
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады