Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қайрат Сатыбалдыұлы Қазақстанға не қайтарды

Қайрат Сатыбалдыұлы Қазақстанға не қайтарды
Фото: inform.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдыұлы мемлекетке қайтарған мүліктің тізімі туралы мәліметті ұсынды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомствоның Tengrinews.kz-ке ресми жауабында Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық істер "Қазақтелеком", "Көлік сервис орталығы" қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау, қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру, сондай-ақ, оның бақылауындағы компанияның кедендік бажды төлеуден жалтару деректері бойынша тергелгені айтылады.

"Тергеу барысында Қ.Сатыбалдыұлы кінәсін толық мойындады, залалды толық көлемде өтеді, сондай-ақ, қылмыстық құқықбұзушылықтарды тергеуге және қылмыстық жолмен алынған мүлікті ашуға ықпал етті.

2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін  Сатыбалдыұлы және оған қатысы бар тұлғалар мемлекетке заңсыз жолмен алынған 732,8 миллиард теңгеден аса соманың мүліктік активтері мен қаражатын немесе 1,6 миллиард долларды қайтарды", - деп жазылған Антикор мәліметінде.

Оның 661,5 миллион доллары шетелден табылды. Ведомство мәліметінше, олар Қазақстанға Австрия, Лихтенштейн, БАӘ, Түркия және басқа елдерден қайтарылды.

Антикор мәліметі бойынша қайтарылған активтерге әкімшілік ғимараттар, эксклюзив зергерлік бұйымдар, сәнді үйлер, пәтерлер мен автомобильдер, акциялар мен компаниялардың үлестері, теміржол және ақша кіреді.

Қайтарылған активтерге не кіреді (732,8 миллиард теңге)?

  • "Қазақтелеком" АҚ акцияларының 28,8 пайызы - 93,8 миллиард теңге.
  • "КСО" АҚ – 30,2 миллиард теңге.
  • 4 компаниядағы қатысу үлесі – 10,3 миллиард теңге.
  • Қазақстандағы мүліктік активтер – 158,5 миллиард теңге.
  • Эксклюзивті зергерлік бұйымдар – 105,39 миллиард теңге (230 миллион доллар)
  • Қазақстандық шоттардағы ақша – 36,8 миллиард теңге.
  • Австриядан келген ақша – 36,8 миллиард теңге (82,1 миллион доллар)
  • Лихтенштейннен түскен ақша – 116,7 миллиард теңге (260,5 миллион доллар) 
  • БАӘ-нен келген ақша – 6,3 миллиард теңге (14 миллион доллар);
  • Түркиядан келген ақша – 2,2 миллиард теңге (4,92 миллион доллар);
  • Бағалы қағаздарды сату – 135,8 миллиард теңге (300 миллион доллар).

"Мемлекеттік меншікке құны 158 миллиард теңгеден асатын 115 қазақстандық нысан берілді, оның ішінде 73-і жылжымайтын мүлік: 13 үй, 10 ғимарат, 13 жер учаскесі, 4 пәтер, 3 ғимарат, 2 медресе ғимараты, 2 тұрақ орны, 25 үй-жай, 1 аяқталмаған құрылыс нысаны), 37-сі жылжымалы мүлік  (29 көлік, 5 арнайы техника, 3 квадроцикл) және өзге де мүлік", - деп жазылған жауапта.

Мүліктің бір бөлігі оның жақын туыстарына, үлестес тұлғаларға және бақылауындағы компанияларға ресімделген.

Астана мен Алматыдан мемлекетке берілген әкімшілік ғимараттардың жалпы ауданы 180 мың шаршы метрден асады.

"Люкс нысандардың бірі - Сатыбалдыұлының бұрынғы резиденциясы Ақмола облысының Барап ауылында жалпы ауданы 1,5 мың шаршы метр аумақта орналасқан, ол Астана қаласының Білім басқармасына берілді", - деп жазылған агенттік жауабында.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді