Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Нариман Курбанов Париж олимпиадасының күміс жүлдегері атанды

Нариман Курбанов Париж олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Нариман Курбанов Париж Олимпиадасында спорттық гимнастиканың ат снарядындағы жаттығуда күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Отандасымыз ақтық сында 15.443 ұпай алды. Осылайша, Нариман елімізге спорттық гимнастикадан Олимпиаданың алғашқы медалін сыйлады.

«Спорттық гимнастикадан ұлттық құрама көшбасшысын Қазақстан қоржынына күміс жүлде салғанымен шын жүректен құттықтаймын! Лайықты түрде жеңіске жетті. Қазақстан құрамасы үшін өте қуаныштымын және осы жүлдеге сүбелі үлес қосқан барлық маманға, жаттықтырушыларға алғыс айтамын. Осы орайда Нариманның жоғары кәсібилігін ерекше атап өткім келеді. Спортшымызға жанкүйерлер үлкен сенім артты, одан медаль күтті. Ал Нариман Құрбанов жанкүйерлердің үмітін ақтап, Қазақстан қоржынына күміс жүлдені салды. Бұл медаль – осы күнге дейін төгілген тер мен еселі еңбектің өтеуі деп білемін. Қазақстандық спортшылар әлемдік аренада кәсіби шеберлігін көрсетіп жатыр деп мақтанышпен айта аламыз.  Бұл – Олимпиададағы соңғы жүлдеміз емес екеніне, әлі де Көк туымыз көкте желбірейтініне сенімдімін. Барлығына алғыс айта отырып, Нариманды күміс жүлдесімен тағы бір мәрте құттықтаймын!», - деді Туризм және спорт министрі.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді