Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ көлік және жүк тасымалдау саласындағы алаяқтарды ұстады: 6 автокөлік иелеріне қайтарылды

ІІМ көлік және жүк тасымалдау саласындағы алаяқтарды ұстады: 6 автокөлік иелеріне қайтарылды
Фото: pixabay.com

Ішкі істер министрлігі халықаралық және қалааралық тасымалдау саласында қымбат автокөліктер мен түрлі тауарларды ұрлауды жолға қойған алаяқтарға тосқауыл қою бойынша кешенді шаралар қабылдап жатыр, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ІІМ криминалдық полиция департаментінің жедел қызметкерлері Алматы облысының аумағында ұялы байланыс, мессенджерлер мен сайттарды пайдалану арқылы қылмыстық схеманы жолға қойған бес адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады.

Қаскөйлер ұрлап әкеткен алты көлік иелеріне қайтарылды.

Ұсталғандарға қатысты сот қамауға алу санкциясын шығарды. Олардың қылмыстық әрекеттерін құжаттандыру бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.

ІІМ алаяқтардың алдау тәсілі туралы айтты. Тапсырыс берушілермен және жүк көліктерінің жүргізушілерімен олардың көлік пен тауар тасымалдау туралы хабарландырулары бойынша алаяқтар хабарласып, тасымалдау қызметін ұсынады. Олар тапсырыс берушілерге өздерін автокөлік жүргізушісі ретінде, ал жүргізушілерге тапсырыс беруші ретінде таныстырады. Екі тарапты да алдап, көндіріп, одан әрі қарай заңсыз өткізу мақсатында ұрланған тауарды артады.

Осыған байланысты министрлік азаматтарға жүкті жөнелту және қабылдау барысында барлық қажетті құжаттармен мұқият танысуды ұсынады. Хабарландыруда көрсетілген жүргізушінің нөмірін міндетті түрде тексеріп, онымен тасымалдау маршрутын талқылап, жеткізу мекенжайын анықтап алу қажет.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты