Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Халықаралық әуе рейсінің екі жолаушысы есірткі контрабандасы үшін ұсталды

Халықаралық әуе рейсінің екі жолаушысы есірткі контрабандасы үшін ұсталды
Фото: polisia.kz

Халықаралық әуе рейсінің екі жолаушысы есірткі контрабандасы үшін ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Пхукет – Алматы бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Алматы және Көкшетау қалаларының 26 жастағы тұрғындарын анықтап, ұстады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде қызметтік-іздестіру иті жолаушыларда есірткі заты бар екендігі туралы белгі берді. Тексеру барысында олардан гашиш, кептірілген марихуана және синтетикалық есірткі табылып, тәркіленді.

Ұсталғандар өз әрекеттерінің заңсыз екендігін біле тұра, Таиландта демалыс кезінде есірткі сатып алып, жеке тұтыну үшін сөмкелерінде сақтаған.

Аталған фактілер бойынша көлік полицейлері өткізу мақсатынсыз есірткі заттарымен заңсыз жұмыс және айналыстан алып қойылған заттардың контрабандасы үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізді.

Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының үкімдеріне сәйкес Көкшетау қаласының тұрғынына 1 жыл 9 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалса, Алматы қаламының тұрғынына 200 АЕК (738 400 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты