Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысында мас күйінде көлік басқарған жүргізушілер жазаланды

Павлодар облысында мас күйінде көлік басқарған жүргізушілер жазаланды
Фото: polisia.kz

Павлодар облысында бұрын жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізушілер жазаланды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысында бір тәулікте патрульдік полицейлер бұрын жүргізуші құқығынан айырылған болса да көлік жүргізген екі мас жүргізушіні ұстады.

– Заря ауылындағы патрульдік полиция нарядының назарына Audi-80 автокөлігінің жүргізушісі түсті, оның жүруі біздің қызметкерлерімізге күдік туғызды. Белгілі болғандай жүргізушіні 2023 жылдың қаңтарында сот көлік құралдарын жүргізу құқығынан жеті жылға айырған. Алайда бұл оған тағы бір теріс қылық жасауға кедергі болмады. Құқық бұзушы қайтадан рөлге отырды, ең жаманы – орташа мас күйінде. Ол осы әрекеті арқылы өзіне және жол қозғалысының басқа да қатысушыларына қауіп төндірді, – деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметі бастығының міндетін атқарушы Руфат Кенжин.

Сонымен қатар Павлодардағы Малайсары батыр көшесіндегі тәртіп сақшылары мас күйінде скутер жүргізген жүргізушісін тоқтатты. Сот жүргізушінің 2021 жылдың желтоқсанында көлік құралдарын жүргізу құқығынан алты жылға айырылғанын анықтады.

Екі жүргізушіге де медициналық куәландыру арқылы алкогольдік мас болу диагнозы қойылған. Көлік құралдары мамандандырылған тұраққа қойылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді