Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шетелге саяхаттамақ болған ақмолалық тұрғын алаяққа алданып қалды

Шетелге саяхаттамақ болған ақмолалық тұрғын алаяққа алданып қалды
Фото: polisia.kz

Шетелге саяхаттамақ болған ақмолалық тұрғын алаяққа алданып қалды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Туристік жолдамамен алаяқтықты Ақмола облысындағы полицейлер тергеп жатыр.Шетелде жазғы демалысты жоспарлау кезінде жағымсыз оқиға елордалық Қосшы қаласының тұрғынымен болды.

Шілде айында ақмолалық азамат Instagram әлеуметтік желісінен шетелге турларды сату және ұсыну парақшасын байқап қалған. Содан қызығушылық танытқан әйел өзіне және отбасына Түркияға 1 296 000 теңге тұратын тур тапты. Сол күні өтініш беруші онлайн төлем жасаған. Ал сатушы жолдамалар клиенттің электрондық поштасына бір тәулік ішінде түсетінін айтқан.

Алайда кейіннен ақмолалық тұрғын билеттерді де, ақшаны да алмаған. Алаяққа тап болғанын білген әйел Қосшы қаласының полиция бөліміне жүгінді. Осы факті бойынша тергеушілер сотқа дейінгі тергеуді бастады, ал заттай дәлелдемелер ретінде хат-хабарламалар мен төлем туралы түбіртектер алынды.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.

Полиция қызметкерлері аймақ тұрғындары мен қонақтарын интернет-дүкендер немесе әлеуметтік желілер арқылы кез келген тауарлар мен қызметтерді сатып алу кезінде қырағы болуға шақырады. Анық-қанығына көз жеткізбей, үшінші тұлғаларға ақша аудармаңыз.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты