Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Америкалық ерлі-зайыптыларға қос азаматтығы үшін 738 мың теңге айыппұл салынды

Америкалық ерлі-зайыптыларға қос азаматтығы үшін 738 мың теңге айыппұл салынды
Фото: polisia.kz

Америкалық ерлі-зайыптыларға қос азаматтығы үшін 738 мың теңге айыппұл салынды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бірінші жартыжылдықта Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері ҚР Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1483 шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде сот шешімі бойынша 484 шетелдік азамат елден шығарылды. Қос азаматтығы бар 181 тұлға анықталып, олар бойынша тиісті шаралар қабылданды.

Мәселен Түркістан қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің көші-қон қызметінің қызметкерлері ҚР ҰҚК-нің шекара қызметімен бірлесіп, Түркістан – Стамбұл бағытындағы әуе рейсіне тіркелу кезінде Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнамасын бұзған ерлі-зайыптылар анықталды. Олар 54 және 45 жастағы АҚШ азаматтары болып шықты.

Көлік полицейлері құқық бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламағаны үшін әкімшілік хаттама толтырып, материалды Түркістан облысының мамандандырылған әкімшілік сотына жолдады.

Сот шешімі бойынша шетел азаматтары 200 АЕК (738 400 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді