Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы халықаралық аккредитациядан өтті

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы халықаралық аккредитациядан өтті
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Жуырда ACQUIN аккредиттеу, сертификаттау және сапаны қамтамасыз ету институты «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның білім беру қызметінің сапасын халықаралық стандарттарға сәйкес келетінін таныды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Өрлеудің» басқарма төрағасы Айдана Шилибекованың айтуынша, соңғы екі жыл ішінде «Өрлеу» стратегиялық даму, білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету және инновациялық тәсілдерді іске асыру басымдықтарын айқындай отырып, өз қызметіндегі барлық ішкі және сыртқы процесті қайта қарап, күшейтті.

««Өрлеу» ұлттық орталығы жұмыс сапасын арттыруға және үнемі жетілдіруге басымдық береді. Халықаралық деңгейде танылу - біздің сапа стандарттарына сәйкестігіміздің дәлелі. Біз тыңдаушыларымыздың қажеттіліктерін талдау үдерісін күшейту, оқытудың гибридтік түрлерін енгізу, білім беру бағдарламалары мен ПОҚ біліктілігіне қойылатын талаптарды арттыру, курстан кейінгі қолдауды жетілдіру бойынша жұмыстарды жалғастырамыз. Бұл шаралар бізге аудиторияны кеңейтуге және халықаралық деңгейде бірегей білім беру өнімдерін ұсынуға мүмкіндік береді», - дейді төраға.

Айта кету керек, толық институционалдық аккредиттеу сертификаты 2029 жылдың қыркүйек айының соңына дейін дейін жарамды.
Анықтама үшін: 2001 жылы Германияда құрылған ACQUIN институты тіркеуден өткен коммерциялық емес қауымдастық болып табылады. Оның құрамына 150-ден астам халықаралық жоғары оқу орны мен кәсіби ғылыми қауымдастық кіреді. ACQUIN қызметі EQAR, ENQA, EUA, CEENQA және INQAAHE сияқты беделді халықаралық агенттіктермен танылған.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Мультимедиа
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады
Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті