Ақмола облысында жыл басынан бері мотоциклдің қатысуымен 14 ЖКО тіркелді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақмола облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының айтуынша, мотоцикл жоғары қауіпті құрал болып табылады. Жыл басынан бері мотоциклдің қатысуымен 14 ЖКО тіркелді, онда 2 адам қаза тауып, 17 адам жарақат алды. Түрлі бұзушылықтар үшін 280 мотоцикл жүргізушісі жауапқа тартылды. 180 мотоцикл айыппұл тұрағына қамалды, оның 40-ы Көкшетау қаласында.
Жазда жолдарда екі дөңгелекті көлікпен жүретін адамдардың саны артады. Дәл осы жол қозғалысына қатысушылардың санаты ең аз қорғалған болып шығады. Мотоцикл, автомобильден айырмашылығы, қозғалыстың басқа ерекшелігіне ие. Маневрліктің жоғарылауы, кішігірім өлшемдер, сондай-ақ жоғары динамика жүргізушіден арнайы басқару дағдыларын қажет етеді.
Мысалы 26 маусымда полиция қызметкерлері Уәлиханов – Вавилов көшелерінің қиылысында жүргізушісінің осы мотоциклді басқаруға құқығы жоқ “Tekken” мотоциклін тоқтатты. 49 жастағы жүргізушіге қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК 612-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасады.
Сондай-ақ облыс орталығының аумағында полицейлер “Suzuki” мотоциклін тоқтатты, оның жүргізушісі көлік құралын мас күйінде басқарды. Нәтижесінде ол ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды және көлік құралын басқару құқығынан 7 жылға айырылды. Мотоцикл арнайы айыппұл тұрағына қамалды.
Сондай-ақ полицейлердің пікірінше, қазіргі жасөспірімдерге ең қажет сыйлықтардың бірі-мопед. Көптеген ата-аналар балаларын қуантуға тырысып, оларға қауіпті көлік сатып алып, оның артындағы ауыр жағдайлар туындайтынын ұмытып кетеді.
Айта кету керек, көптеген кәмелетке толмағандар көбінесе туыстарына тиесілі мотоциклдерді басқарады, бірақ мұндай шешім қандай ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін елестете алмайды. Мысалы, Целиноград ауданында “Янган” мопедін басқарған кәмелетке толмаған бала 14 жасар жасөспірімді қағып кетті, абырой болғанда ешқандай зиян келтірмеді. Сондай-ақ Бурабай ауданында 17 жастағы жүргізуші еш жерде тіркелмеген “Racer” мотоциклін басқарды, бағдаршамның қызыл шамына өтіп, көлікпен соқтығысқан. Сол ауданда 15 жасар бала мотоцикл жүргізіп, кюветке құлады, нәтижесінде мопед жолаушысы түрлі жарақаттар алды.
Бұл полицейлер мысал келтірген бірнеше жағдай және мұндай оқиғалар өте көп. Кейде кейбір ата-аналар полицияға хабарламайды, өздері ауруханадан көмек сұрайды, әртүрлі жағдайларды ойлап табады. Балаларын бұзушылыққа итермелейді.
Осыған байланысты полицейлер барлық ата-аналарға құқық қорғау органдарының кеңестерін тыңдауға шақырады. Балаңыздың еркелігіне берілмей, мұндай маңызды тауарды сатып алмаңыз. Ол кәмелетке толған кезде көлікті басқаруға тиісті құжаттарды алуы қажет.