Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматылық полицейлердің заңды талабына бағынбаған мопед жүргізушілерінің видеосы жарияланды

Алматылық полицейлердің заңды талабына бағынбаған мопед жүргізушілерінің видеосы жарияланды
Фото: polisia.kz

Алматылық полицейлердің заңды талабына бағынбаған мопед жүргізушілерінің видеосы жарияланды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаз мезгілінің келуімен еліміздің ең ірі шаһарының жолдарында микромобиль көлігін пайдаланушылар саны артты.

Мопедтер мен самокаттардың кейбір жүргізушілері жол қозғалысының қарапайым ережелерін білмей, қажетті қарапайым білімі мен жүргізу дағдыларын білмей, жалпы пайдаланымдағы жолдарға шығып кетті.

– Жыл басынан бері Алматыда мопедтер мен самокаттардың қатысуымен 463 жол-көлік оқиғасы болды, салдарынан 500 адам жарақат алды, 7 адам қаза тапты. 68 жағдайда екі дөңгелекті көлікті балалар жүргізген. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесу мақсатында Алматы полициясының алдыңғы шептегі бөлімшелерінің қызметкерлері, ең алдымен, мопедтер мен самокаттардың жұмысына қатысты заң талаптарын түсіндіруге бағытталған ауқымды іс-шара өткізіп жатыр, – деді Алматы қаласы ПД ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің командирінің міндетін атқарушы Михаил Кан.

Спикердің айтуынша, осы кезеңде түрлі құқық бұзушылықтар үшін 10 мыңнан астам мопед жүргізушілері мен 7 мыңнан астам самокат жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Мамандандырылған айыппұл тұрағына 384 мопед қойылды.

– Сонымен қатар барлық жерде мотокөлік пен самокат пайдаланушыларымен құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Рейдтік іс-шаралардың мақсаты – мопедтер мен самокаттардың жүруіне тыйым салу емес, олардың жеке жауапкершілігін еске түсіру, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақыру және көлік жүргізу мәдениетіне үйретіп жатыр, – деді Кан.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты