Астаналық сот экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның інісі Бақытжан Байжановтың апелляциялық шағымын қарап жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Сот барысында экс-министрге сөз берілді. Бишімбаев сот шешімі алдын ала шығарылып қойған деп есептейді.
Мен адвокаттарымның дәлелдерін толықтай қолдаймын. Өз тарапымнан айтар болсам, маған дәлелдерімді ұсынуға мүмкіндік берілмеді. Бұл жайлы сот процесінде бірнеше мәрте айттым. Бізге тіпті көптеген материалдармен танысуға да рұқсат етілген жоқ. Мен мұны ешкімге керек емес екенін түсіндім. Шешім алдын ала шығып, бәрі шешіліп қойған сияқты. Осыған дейін бәрі айтылды, маған адвокаттарымның ұстанымын қолдау ғана қалды, - деді Бишімбаев сот процесінде.
Айта кетейік, Бишімбаевқа қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (қинау) бойынша 7 жыл тағайындалды. Ал 99-баптың 2-бөлігі, 5-тармағы бойынша 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Түпкілікті 24 жыл берілді.
Еске сала кетсек, экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, 24 жылға сотталды. Ал оның туысы Бақытжан Байжановқа - қылмысты жасырып қалу әрекеті бойынша іс қозғалып, 4 жылға сотталды.