Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Тамара Дүйсенова денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру бойынша бірқатар тапсырма берді

Тамара Дүйсенова денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру бойынша бірқатар тапсырма берді
Фото: primeminister.kz

Астанада Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Оған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова, Парламент депутаттары, салалық ведомство, өңірлік басқармалардың басшылары, сарапшылар қатысты. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова былтыр атқарылған шаруалар мен алдағы уақытқа жоспар туралы айтып берді, деп хабарлайды kazlenta.kz. 

Тамара Дүйсенова салаға қарастырылған қомақты қаражат протездеу, трансплантология, кардиохирургиялық және нейрохирургиялық көмек көрсету деңгейінің жоғарылауына мүмкіндік беретінін атап өтті. Алайда өлім-жітімге және азаматтардың өмір сүру ұзақтығына әсер ететін негізгі ауру түрлерінің алдын алу және уақтылы емдеу бағытында үлкен өзгерістер жоқ.

Қатерлі ісік ауруларын ерте анықтау үшін жүргізілген бірқатар скринингтік зерттеулерге қарамастан, дерті кеш сатыға өтіп кеткен адамдардың үлесі азаймай тұр. Ал Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мәліметінше, алғашқы медициналық санитарлық көмекке қаралған қаржының жартысынан астамы клиникалық диагностикалық қызметтерге жұмсалады.

«Мұның себебін анықтауымыз керек. Тексеруге жататын топтар дұрыс таңдалмай скрининг өте ме әлде мамандардың біліктілігіне қатысты мәселе бар ма? Кадр мәселесі болса, оларды даярлау және біліктілігін арттыру үшін медициналық университеттер, ҒЗИ, республикалық клиникалар мен жергілікті қызметтер бар. Жаңа тұжырымдамада осы бағытқа қосымша инвестиция көзделген. Алайда бұл жағдайды жақсарта ала ма? Министрлікке бұл жүйені қайта қарап, қажетті шараларды қабылдап, аталған жүйені толығымен қайта қарастыруы қажет деп санаймын», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы МӘМС жүйесін жетілдіруге қатысты тапсырма берді. «Ақша клиент соңынан» қағидатын іске асыруды қамтамасыз ететін жалғыз жүйе – медициналық сақтандыру.

«Барлық қазақстандықтарға мемлекет кепілдік берген базалық бөліктен және жұмыс берушілер мен азаматтардың аударымдары есебінен қалыптастырылатын, сақтандыру бөлігінен тұратын медициналық көмектің бірыңғай пакетін қалыптастыру қажет. Ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру керек. Азаматтар жүйеге қатысушылардың өзгелерге қарағанда медициналық көмектің үлкен көлемін алуға мүмкіндігі бар екенін түсінуі керек. Жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыру да маңызды. Табысы жоқ халықтың осал топтарының жекелеген санаттары үшін жүйеге аударымдар жергілікті бюджеттен жүргізілуі тиіс. Бұл бір жағынан әкімдерді жұмыспен қамту бағдарламаларын іске асырудың тиімділігін арттыруға ынталандырады», — деді вице-премьер.

Сондай-ақ Тамара Дүйсенова жаңа технологиялар мен дәрілік заттардың жаңа түрлері енгізілгенде, медициналық көмектің құны өсетінін айтты. Осыған байланысты жүйенің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін Министрлік жүйенің параметрлерін қайта қарауы қажет.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді