Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмола облысында алаяққа сенген зейнеткер банкке 7 млн теңге қарыз болып қалды

Ақмола облысында алаяққа сенген зейнеткер банкке 7 млн теңге қарыз болып қалды
Фото: pixabay.com

Ақмола облысының полицейлері азаматтарды алаяқтардан сақ болуға шақырады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәселен, 19 маусымда Ақмола облысының тұрғынының атына белгісіз адам, “ұялы байланыс компаниясының қызметкері” 7 млн теңгеден астам сомаға несие ресімдеді. Зардап шеккен 72 жастағы жергілікті тұрғынның өтініші Қосшы қаласының полиция бөлімінде тіркелді.

Зейнеткердің айтуынша, ер адам оған SIM картасының қызмет мерзімін ұзартуды ұсынған және SMS-ке келген код жазуды сұраған. Әрі қарай, жәбірленушіге жетекші банктің жалған қызметкерлерінен оның атынан несие алуға өтінім туралы жалған ақпарат келіп түсе бастады, оның күшін жою үшін ер адам жеке ЖСН мен жұбайының ЖСН-ін хабарлауы қажет екенін айтқан.

Алаяқтардың бірқатар нұсқауларын орындағаннан кейін, ер адам қылмыскерлер оған және оның жұбайына несие алғанын білді.

Полиция бөлімі осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Полиция департаменті алаяқтардың айлаларынан сақ болуға шаұырады. Сізге немесе Сіздің жақындарыңызға кез келген қызметкер ретінде қоңырау шалып, ұялы нөмірдің мерзімі аяқталатынын айтса, сенбеңіз! SIM-картаның жарамдылық мерзімі жоқ және оларды жаңартудың қажеті жоқ. Ұялы байланысқа қатысты барлық мәселелер бойынша оператормен ресми нөмірлер арқылы байланысқан абзал.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді