Астанада жаңа маусым басталысымен рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою және орынсыз жерлерде қоқыс төгетіндерді жауапкершілікке тарту бойынша тұрақты негізде белсенді жұмыс жүргізілуде, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Стихиялық полигондарды жоюға тиегіштер, самосвалдар және басқа да арнайы техника қатысады. Осы жылдың сәуір айында рұқсат етілмеген орындардан 29 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды.Мысалы, Нұра ауданында 20-дан астам рұқсат етілмеген қоқыс орындары жойылды (Е-128 көшесі, Западный саяжай аумағы, Ш.Шоқин көшесі, 6, Қорғалжын тас жолы, Ұлы Дала даңғылы, Айтматов көшесі, Үркер, Хусейн бен Талал көшесі және т. б.). Осы орындардан 27 мың 300 тоннаға жуық құрылыс қоқысы шығарылды.Сарыарқа ауданы Көктал көшесінде рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі анықталды. Осы жерден 600 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Сондай-ақ, Алматы ауданы Қалдаяқов көшесінен, Шарбақты көшесінен және т. б. 1 мың тоннадан астам қоқыс тазартылды.Айта кетейік, Алаш тас жолының бойында орналасқан елорданың экополигонына ғана ірі көлемді, құрылыс қоқыс түрлерін шығаруға рұқсат етілген. Абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК 505-бабы бойынша әкімшілік айыппұлдар көзделген.
Сонымен қатар жеке тұлғалар үшін 20 АЕК, ал кәсіпкерлер үшін 30-дан 100 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.2023 жылы 224 учаскеде рұқсат етілмеген полигондар жойылды. Қалалық полиция департаменті қоқыстарды заңсыз шығарғаны, жалпы аумақтарды ластағаны және арнайы бөлінген орындардан тыс ағынды суларды ағызғаны үшін 30 000-нан астам құқық бұзушыға айыппұл салды.Заңсыз полигондарды жою жұмыстары жалғасуда. Оның ішінде жаңа ошақтардың пайда болуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.Сондай-ақ, елордада ауқымды экологиялық акция жалғасуда. Оның шеңберінде рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою, қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық кәріз желілерін тазарту, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды жинау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, жасыл желектерді күтіп-баптау және отырғызу, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау және т. б. бойынша маусымдық агротехникалық жұмыстар жүргізілуде.