Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда самокаттардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары жиіледі

Алматыда самокаттардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары жиіледі
Фото: polisia.kz

Алматы қаласында самокаттардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары жиілеп кетті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы полициясы жол қозғалысына қатысушыларға үндеу жасады. Өйткені қалада самокаттардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары жиілеп кетті.

Қала тұрғындарының жайлы және қауіпсіз өмір сүруінің маңызды факторы – жол қауіпсіздігі.
Алматы полициясы профилактикалық іс-шараларды күшейтті, оның басты мақсаты – оған қатысушылар арасында жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарының сақталуына бақылауды күшейту және жол-көлік оқиғаларын азайту.

– Қала тұрғындары арасында баламалы көлік түрлері, соның ішінде самокаттар әлі де сұраныста. Алматы жолдарында олардың 50 мыңнан астамы бар, сәйкесінше жол-көлік оқиғасы да көбейген. Жыл басынан бері самокаттардың қатысуымен 38 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 42 адам зардап шекті, абырой болғанда, қаза болғандар жоқ. Ішкі істер Министрлігі қабылдаған шаралар самокаттарды пайдалану жағдайын біршама тұрақтандыруға мүмкіндік берді: жас шектеулері белгіленді, қорғаныс құралдарын міндетті түрде пайдалануға және жолаушыларды тасымалдауға талаптар қойылды. Алайда қайғылы оқиғалар әді де жалғасуда. Самокат пайдаланушылар жол қозғалысына қатысушылардың осал санаттарының бірі болып табылады, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Спикердің айтуынша баламалы көлік түрлерін жүргізетін адамдардың ҚР-ның жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін анықтау бойынша да жұмыс күшейтілген.

Жыл басынан бері жолдың ортасында жиі қозғалатын, жеке қорғану құралдарының міндетті болуы талаптарын елемейтін, кәмелетке толмағандардың самокаттармен жүруіне жол берген 7,5 мыңнан астам самокат жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Мен жол қозғалысына қатысушыларды ЖҚЕ-ні қатаң сақтауға шақырамын. Ата-аналар өз баласының қауіпсіздігі үшін толық жауапкершілікті сезінуі керек. Қылмысқа немқұрайлы қарамаңыз, балаңызды қорғаңыз, өзіңіз үлгі болып оларға заңды құрметтеуді үйретіңіз, – деді полковник Шумаев.


 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады