Жамбыл облысы Сарыкөбі орман шаруашылығы ауданында өрт шықты, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
4 маусымда сағат 16:20 шамасында Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесіне қарасты "Сарыкөбі орман шаруашылығы" аумағында 1650 гектар аумақта құрғақ шөп өртенген.
"Өрт шыққан жерде орман шаруашылығының қызметкерлері (25 адам, 3 трактор) жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, өрт орнына орман шаруашылығының қызметкерлері (22 адам, 7 трактор, 3 автокөлік), ТЖД (84 қызметкер, 9 техника) барды. Шығыстан соққан жел секундына 10-12 метр. Ауа температурасы - 30 градус жылы. Орман шаруашылығы облыстағы ең жақын елді мекеннен 160 шақырым жерде орналасқан", - деп хабарлады облыс әкімдігі.
Өрт Тұрар Рысқұлов ауданы аумағына тараған. Қазір бұл салаға 3 бригада, 16 адам, 5 техника жұмылдырылған.
Әкімдік өртке қатысты өзекті ақпаратты кейінірек беруге уәде етті.