Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында 13 жыл бұрын валюта айырбастаушыны өлтірген күдікті қолға түсті

Түркістан облысында 13 жыл бұрын валюта айырбастаушыны өлтірген күдікті қолға түсті
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында полиция 13 жыл бұрын валюта айырбастаушыны өлтірді деген күдікпен ер адамды қамауға алды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысының полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде он үш жылдан кейін қарақшылық шабуыл жасады және кісі өлтірді деген күдіктіні ұстады.

Жедел уәкілдер бұрын сотталған 46 жастағы ер адамды Шымкент қаласында қолға түсірді. Күдікті қамауға алынды.

Анықталғандай күдікті 2011 жылы мотоциклмен Жетісай қаласының тұрғынына яғни валюта айырбастаумен айналысқан ер азаматқа қарақшылық шабуыл жасап, оны өлтіріп, содан кейін қалтасындағы 5 мың АҚШ долларын алып, қашып кеткен.

Сол кезде осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, іздестіру іс-шаралары жүргізілді және полиция базар маңынан күдіктінің мотоциклін тауып, заттай дәлелдемелерді тәркілеген. Полиция 13 жыл бойы жедел-іздестіру іс-шараларын тоқтатпай жүргізіп, күдіктіні анықтап, ұстады. Күдікті бұл әрекетін толық мойындады.

Қылмыстық істің жинақталған материалдары заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді