Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада жоғары оқу орнына түсіруге жалған уәде берген алаяқ ұсталды

Астанада жоғары оқу орнына түсіруге жалған уәде берген алаяқ ұсталды
Фото: pixabay.com

Астанада жоғары оқу орнына түсіруге жалған уәде берген алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Елордалық полицейлер жоғары оқу орнына түсуге көмектесемін деп уәде еткен алаяқты анықтады. Қала тұрғыны полицияға хабарласып, алаяқтың құрбаны болғанын хабарлаған. Оның айтуынша, бейтаныс ер адам оқуға түсуге көмектесеміз деген желеумен оның 200 мың теңге көлеміндегі ақшасын иемденіп алған.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Алматы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктінің кім екенін анықтады. Ол 30 жастағы ер адам болып шыққан. Анықталғандай, алаяқ өзінің байланысының бар екенін алға тартып, төмен балл жинағанына қарамастан талапкерге жоғары оқу орнына түсуге көмектесемін деп уәде берген. Ақшаны алғаннан кейін алаяқ жәбірленушімен байланысын тоқтатқан.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оның елордада осыған ұқсас қылмыстарды жасауға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады