Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қостанайда краншының өліміне жұмыс беруші кінәлі деп танылды

Қостанайда краншының өліміне жұмыс беруші кінәлі деп танылды
Фото: БҚО әкімдігі

Сотта «NurCom Building» ЖШС директорына қатысты қылмыстық іс қаралды. Серіктестік басшысына «құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзып, абайсызда адам өліміне әкеп соқтырды» деген айып тағылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 2023 жылдың 30 қарашасында сағат 13:00 шамасында болған.  
Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу барысында кран машинисі жүк көтергіш кранмен бетон плиталарын көтере бастаған. Өкінішке қарай, арқанның ұзындығы дұрыс есепке алынбай, кран құлап, кабинада отырған 49 жастағы жүргізуші қайтыс болған еді.

Кейін жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелерін бұзуға жол берілгені анықталған болатын. Болған оқиғаға толығымен жұмыс беруші кінәлі екені дәлелденіп, ол өз кінәсін толық мойындап, келтірілген шығынды өтеп берді.

Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушыны Қылмыстық кодекстің 63-бабын (шартты түрде соттау) қолдана отырып, 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыруды сұрады.

Нәтижесінде сот Қылмыстық кодекстің 44-бабына (Бас бостандығын шектеу) сәйкес, пробациялық бақылау орнату арқылы 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады