Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Цифрландыру креативті индустрия үшін жаңа мүмкіндіктер ашады

Цифрландыру креативті индустрия үшін жаңа мүмкіндіктер ашады
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Mind ғылыми-талдау орталығы алаңында креативті индустрия үшін цифрлық инфрақұрылымды әзірлеуге арналған кездесу өтті. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған кеңеске авторлық құқық пен зияткерлік меншік саласындағы жетекші сарапшылар, креативті сектор өкілдері және уәкілетті министрліктердің өкілдері қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Кездесу барысында Қазақстанда креативті индустрияның дамуын қолдауға және ынталандыруға мүмкіндік беретін заманауи және тиімді цифрлық экожүйені құру мәселелері талқыланды. Қатысушылар одан бөлек цифрлық ортадағы авторлық құқықты қорғау, креативті контентты монетизациялау механизмдері, транзакциялардың ашықтығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авторлық құқықты қорғау үшін блокчейн технологияларын пайдалану мүмкіндіктері сияқты негізгі аспектілер туралы айтты.

Әзірлеушілер кәсіпқойларды, контент өндірушілерді және тұтынушыларды біріктіретін Бірыңғай цифрлық платформаны құрудың тұжырымдамалық негізін әзірледі. Ол авторлық құқықты қорғау құралдарын, авторлар мен контент пайдаланушылар арасында табысты әділ бөлу тетіктерін қарастырады.

Сарапшылар зияткерлік меншікті басқару процестерін оңтайландыру және нарық қатысушылары арасында сенім деңгейін арттыру үшін блокчейн және жасанды интеллект сияқты инновациялық технологияларды енгізудің маңызын атап өтті. Цифрлық технологиялар және авторлық құқық саласындағы креативті индустрияға қатысушылардың білім деңгейі мен құзыреттерін арттыруға бағытталған білім беру бастамаларының бағдарламасын әзірлеу туралы шешім қабылданды.

Кездесу барысында цифрлық инфрақұрылым мен зияткерлік меншікті қорғау саласындағы  тәжірибе және сәтті кейстер алмасу үшін халықаралық ұйымдармен және платформалармен белсенді өзара байланыс жасау қажеттігі атап өтілді.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері қазір цифрландыру креативті индустриялар үшін үлкен мүмкіндіктер ашатынын тілге тиек етті. Негізгі міндет – шығармашылық адамдар өз құқықтарын қорғап, жұмыс үшін лайықты сыйақы алып, жобаларды қауіпсіз және тиімді жүзеге асыра алатын жағдай жасау.

Айта кетейік, осы бағыт бойынша жұмыс жалғасады. Сонымен қатар жоспарланған жобалар мен бастамаларды іске асыру бойынша нақты қадамдарды қарастыру ұсынылады.

 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді