Айта кетейік ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайға өңірдегі туризмді дамытуды жіті тапсырған болатын. Тапсырма аясында жұмыстар атқарылуда.
Маңғыстауда туристік маусымның басталуына орай Rixos Water World Aktau компаниясы туристерді қарсы алу дәстүрін жалғады. Ресейден, Татарстан Республикасынан алғашқы чартерлік рейсі бүгін Ақтауға келді. Маңғыстау облыстық туризм басқармасының басшысы Нұрәділ Иманғалиев туризм саласын дамыту, туристер ағынын арттыру бойынша атқарылған іс-шаралар туралы пікір білдірді.
- Маңғыстауда туризм, көлік және логистика салаларын дамыту бағытында бірқатар жұмыс атқарылуда. Бүгіннен бастап Ресей, Татарстан Республикасынан Казань-Ақтау бағыты бойынша жаңа чартерлік рейсі ашылды, туристерді аптасына бір рет қарсы алатын боламыз. Әр рейс аясында шамамен 100 жолаушы келеді деп күтілуде. Аталған, жаңа рейстің ашылуы туристер ағыны арттыру тұрғыда көп септігін тигізеді. Онымен қоса Маңғыстау мен Татарстан арасындағы мәдени және экономикалық байланыстарды орнатуға үлкен мүмкіндік береді,- деді Нұрәділ Иманғалиев
- Бүгін біз Казань қаласынан арнайы Маңғыстау өңіріне келудеміз. Ақтау қаласын яғни өңірді зерттеп, керемет әсерге кенелетініме сенімдімін. Туристік аймақтың бірі болғандықтан бүкіл отбасыммен келдім. Оларға уақыттың тығыздығына қарамай, барлығын көрсеткім келеді. Ақтауға сапар ыңғайлы әрі жайлы болды. Шамамен, 2 сағатқа жуық ұштық. Сондай-ақ, жаңа кірген сәттен бастап, сіздердің қонақжай екендеріңізге көзім жетті. Өте қуаныштымыз, дәл осылай ерекше күтіп алады деп ойламадық. Балалар да өте қуанышты, рахмет,- деді Анастасия Кунгурова, турист, Казань қаласының тұрғыны.