Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Антикор азық-түлік бағасын реттеу кезінде жемқорлық бұзушылықтардың жолын кесуді ерекше бақылауға алады

Антикор азық-түлік бағасын реттеу кезінде жемқорлық бұзушылықтардың жолын кесуді ерекше бақылауға алады
Фото: pixabay.com

Ағымдағы жылдың 4 мамырында Антикорда жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жекелеген мәселелері, оның ішінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мәжіліс өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Агенттік Төрағасы Асхат Жұмағали маусымаралық кезеңде Үкімет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұруға және тұрақтандыруға бағытталған бірқатар шаралар қабылдап жатқанын атап өтті. Бұл мәселе әсіресе су тасқынынан зардап шеккен аймақтар үшін өзекті болып табылады.Атап айтқанда, Өзбекстан мен Тәжікстаннан жеткізушілерден азық-түлік ауыл шаруашылығы тауарларын тікелей жеткізу мүмкіндіктері пысықталды. Тауарлар тікелей қазақстандық нарыққа делдалдарсыз және алып сатушыларсыз және неғұрлым қолжетімді бағамен жеткізілетін болады.Осыған байланысты, А. Жұмағали аумақтық бөлімшелерге жемқорлық тәуекелдері мен көріністерін болдырмау мақсатында аталған процестерге мониторинг жүргізуді тапсырды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдары кез келген жемқорлық құқық бұзушылықтардың, оның ішінде заңсыз пайда алуға бағытталған түрлі құқыққа қарсы схемаларды құруға байланысты құқық бұзушылықтардың жолын кесетін болады.Баға белгілеуге теріс әсер ететін жемқорлық факторларына, оның ішінде тараптардың үлестестігіне, мемлекеттік аппарат тарапынан негізсіз әкімшілік кедергілер құруға, нарыққа жосықсыз қатысушылар тарапынан айла-шарғы жасауға және теріс пайдалануға ерекше назар аударылатын болады.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы бұл жұмыстың маңыздылығын атап өтіп, аталған мәселелерді ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді