Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Пәкістанда су тасқынынан 33 миллионға жуық адам зардап шекті

Пәкістанның миллиондаған тұрғындары қатты су тасқынынан зардап шекті, мыңнан астам адам көз жұмды. Ғимараттар, көпірлер мен жолдар қирады. БҰҰ пәкістандықтарға гуманитарлық көмек көрсету жоспарын жариялады. Оны жүзеге асыру үшін 160 млн доллар қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған kazlenta.kz.


«Пәкістанда болған «соңғы онжылдықтағы ең үлкен су тасқыны» салдарынан шамамен 33 миллион адам зардап шекті деген болжам бар. Елге нөсер жаңбыр жауған кезде, яғни маусым айының ортасынан бастап апат мыңнан астам адамның, негізінен балалардың өмірін қиды», - деді Женевада өткен брифингіде БҰҰ гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасының өкілі Йенс Лаерке.


«Пәкістан азап шегуде», – деді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш осы елге арнаған бейнеүндеуінде. Ол ел тұрғындары бұрын-соңды болмаған жаңбыр мен су тасқынынан зардап шегіп жатқанын атап өтті.


Бүгінгі таңда Пәкістандағы су тасқыны салдарынан шамамен 500 мың адам үйлерін тастап кетті, олардың көпшілігі уақытша лагерьлерден пана тапты. Су тасқыны миллионға жуық тұрғын үйлерді қиратып, зақымдаған. 700 мың бас мал жоғалып кеткен.

Гуманитарлық жағдай көлік инфрақұрылымына айтарлықтай залал келтірді. Алдын ала болжам бойынша, 3500 шақырымға жуық жол мен 150 көпір бүлінген.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды