Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елшілік арқылы ҚР азаматтығынан шығуға өзгерістер енгізілуде

Елшілік арқылы ҚР азаматтығынан шығуға өзгерістер енгізілуде
Фото: gov.kz

ҚР СІМ республиканың шет елдердегі мекемелерінің ҚР азаматтығы, ҚР азаматтығынан айырылу және айыру мәселелері бойынша өтініштерді қабылдау, ресімдеу және қарау және ҚР азаматтығына жататындығын айқындау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар дайындады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәселен, ережеде министрлік Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша шет елдердегі мекемелер жасаған қорытындыны келіседі, Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша құжаттарды Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияға жолдайды және Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөніндегі өтініштер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің шешiмі туралы шет елдердегі мекемелерді хабардар етеді делінген.

Шетелдегі мекемелер ұлттық қауіпсіздік комитетімен "Бүркіт" БАЖ арқылы келісілгеннен кейін Азаматтық мәселелері бойынша өздерінің қорытындылары мен ресімделген құжаттарын Министрлікке жібереді.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтініштер бойынша қорытындыларда азаматтардың немесе ұйымдардың елеулі мүдделерімен байланысты өтініш берушінің мемлекет алдындағы орындалмаған міндеттемелері немесе оның мүліктік міндеттемелері туралы, оның қылмыстық қудалануы, сотталғандығы не оның заңды күшіне енген сот үкімі бойынша жазасын өтеуі туралы не осы адамның азаматтықтан шығуы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің мүдделеріне қайшы келетіні туралы нақты мәліметтер хабарланады.

Министрлік қорытындыға мөртабан қою арқылы азаматтық мәселелері бойынша қорытындыны және ресімделген құжаттарды келіседі.

Шет елдердегі мекемелер жолдаған азаматтық мәселелері жөніндегі құжаттар негізінде Министрлік Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрақты тұратын әрбір арыз берушіні Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың немесе оны қалпына келтірудің мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы, оның ішінде оны Қазақстан Республикасында еңбекке, тұрғын үйге және өзге де орналастыру мүмкіндігі туралы келісілген қорытындыны Қазақстан Республикасының Президентінің қарауына жолдайды.

Республикадан тыс жерде тұрақты тұратын ҚР азаматы келесі құжаттарды қоса бере отырып, шетелдегі мекеме арқылы ҚР азаматтығынан шығу туралы өтініш береді:

  • өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасында тұратын жұбайының, ата-анасының немесе оның асырауындағы адамдардың өзіне нотариалды куәландырылған Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға келісімі және материалдық және өзге де талаптардың жоқ екендiгi туралы өтiнiш-келісімі немесе олардың қайтыс болғаны туралы, азаматтың қайтыс болуы немесе хабарсыз кеткені туралы сот шешімінің көшірмелері (бар болса).

Бұл ретте Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамға қатысты Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тіркеу шетелдегі мекемемен келесі құжаттар негізінде жүзеге асырылады:

  • басқа мемлекеттің азаматтығын қабылдаған адамнан Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеу туралы еркін нысандағы өтініш немесе Қазақстан Республикасы азаматының басқа мемлекеттің азаматтығын қабылдағаны туралы шет мемлекеттің уәкілетті органының ресми хаты;
  • Қазақстан Республикасының паспорты және (немесе) жеке куәлігі (түпнұсқа).

Қазақстан Республикасының паспорты және (немесе) жеке куәлігі жоғалған жағдайда, тұлға жазбаша түсініктемені ұсынады:

  • шет елдің азаматтығын растайтын шет мемлекет паспортының немесе басқа құжаттың көшірмесі;

Түсіндірілгендей, нормаларды тиімді қолдану үшін ҚР жеке куәлігінің түпнұсқасын тапсыру, сондай-ақ ҚР жеке басын куәландыратын құжаттар болмаған жағдайда жазбаша түсініктеме беру қажеттілігі көзделген.

Бұдан басқа, ҚР азаматтығынан айырылуды тіркеу жөніндегі нормаларды тиімді қолдану үшін осы рәсімді азаматтың өтініші негізінде ғана емес, сонымен қатар ҚР азаматының басқа мемлекеттің азаматтығын алғаны туралы шет мемлекеттің уәкілетті органының ресми хаты келіп түскен жағдайда да жүзеге асыру мүмкіндігі көзделген.

Шетелдегі мекеме Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тіркеген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының халқын құжаттандырудың деректер базасына енгізу үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Ақпараттық-өндірістік орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын хабардар етеді.

Алынып қойылған Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды шетелдегі мекеме Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тіркеген күннен бастап 6 ай ішінде жою үшін "АӨО" РМК-ге жолдайда.

Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқаны туралы анықтама алуға өтініш түскеннен кейін, шет елдердегі мекеме өтініш берушіге бес жұмыс күні ішінде еркін нысанда толтырылған тиісті анықтаманы береді.

Анықтаманы ресімдеу үшін Салық кодексіне және консулдық алымның бекітілген ставкаларына сәйкес консулдық алым алынады.

Құжат 15 мамырға дейін ашық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді