Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Саха Республикасының басшысы Айсен Николаевты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Саха Республикасының басшысы Айсен Николаевты қабылдады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Саха (Якутия) Республикасының сан қырлы байланыстары қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Өзара тауар айналымының айтарлықтай артуы – соның айқын дәлелі.

– Біз өзара қарым-қатынас пен ынтымақтастық перспективаларына зор ықыласпен қараймыз. Сіздің Республикаңызға, якут халқына деген құрметіміз ерекше. Қос халыққа ортақ дүниелер көп. Сізбен бірге құрамында іскерлік топтар мен мәдениет өкілдері бар үлкен делегация келгенін айрықша атап өткім келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қазақстанда Саха Республикасының күндерін өткізу бастамасын қолдады. Оның аясында мәдени және спорттық шаралар ұйымдастыру, Якутияның инвестициялық, туристік әлеуетін таныстыру жоспарланған.

Өз кезегінде Айсен Николаев көрсеткен сый-құрметі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Саха Республикасы мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың жандана түскенін жеткізді. Сондай-ақ ол Қазақстан халқына қолдау көрсетіп, су тасқыны салдарынан туындаған барлық қиындықты тезірек еңсеруге тілектестік білдірді.

– Біз Қазақстанға Саха Республикасының күндерін өткізу мақсатында келдік. Астана мен Алматы қалаларында мәдени, спорттық, іскерлік бағытта көптеген шара ұйымдастыру жоспарланған, – деді Айсен Николаев.

Кездесу барысында ауыл шаруашылығы, кен өндіру өнеркәсібі, цифрландыру және туризм салаларындағы ынтымақтастықтың перспективті бағыттары талқыланды.

Бұдан бөлек, Қазақстан мен Ресей екі елдің өңіраралық ықпалдастығын жан-жақты дамытуға баса мән беретіні атап өтілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты