Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Финляндия ғылым және білім саласында әріптестікті нығайтуға ниетті

Қазақстан мен Финляндия ғылым және білім саласында әріптестікті нығайтуға ниетті
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Финляндияның сыртқы сауда және халықаралық дамуды қолдау министрі Вилле Тавиомен кездесті. Жүздесу барысында мемлекетаралық ынтымақтастықты нығайтудың өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Тамара Дүйсенова Қазақстан мен Финляндия арасында ғылым мен білім салаларында өзара тұрақты әріптестік байланыс қалыптасқанын атап өтті. Бүгінде еліміздің мектептерінде буллингке қарсы KiVa фин бағдарламасы пилотты түрде енгізілуде.

«Қазақстан орман және су шаруашылығы саласында кадр дайындауға бірлесе күш салуға мүдделі. Бүгінде елімізде шетелдің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жұмысы жүріп жатыр. Бұл шара аймақтардағы ғылым мен инновациялардың дамуына ықпал етеді. Осы ретте елімізде Хельсинки университетінің филиалын ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын», — деді Тамара Дүйсенова.

Вице-премьер сондай-ақ инвестиция саласында да бірлесе жұмыс атқаруға шақырды. Қазақстан мен Финляндия арасындағы сауда айналымы былтыр $210 млн-ды құраған.

Өз кезегінде Вилле Тавио Қазақстан Еуроодақ үшін Орталық Азиядағы ірі серіктестердің бірі екендігін атап өтті. Сондықтан Финляндия түрлі салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі.

Кездесу нәтижесінде тараптар білім және ғылым, денсаулық сақтау, энергетика, экология, металлургия, көлік өндірісі және т.б. салаларда әріптестік қарым-қатынасты дамытуға дайын екендерін білдірді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты