Ақмола облысы Талапкер ауылындағы жағдай тұрақталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта жасанды канал нығайтылды.Су басқан 26 тұрғын үйдің аумағының 20-нан су сорылды. Қазіргі уақытта 6 ауладан су сору жұмыстары жалғасуда.Ақмола облысы, Астана қаласы ТЖД, жергілікті атқарушы органдар, ТЖМ әскери қызметшілері құрамынан 116 адам, 40 астам бірлік техника жұмылдырылды.5-04-2024, 11:54
Ақмола облысы Талапкер ауылындағы жағдай тұрақталды
Фото: ҚР ТЖМ
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз