Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қалалық автобус тасымалдарын дамыту жөніндегі кешенді шаралар әзірленді

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитетінің ақпараты бойынша автомобиль көлігімен жүк тасымалдау көлемі шамамен өткен жылдың деңгейінде сақталып отыр. (2020 ж. – 1,43 млрд. тонна, 2019 ж. – 1,5 млрд. тонна), деп хабарлайды kazlenta.kz ҚР ИИДМ-ге сілтеме жасап.


Отандық автотасымалдаушылардың халықаралық жүк тасымалдау нарығындағы ұстанымын нығайту мақсатында сатып алынатын ершікті тартқыштарды кәдеге жарату алымынан және алғашқы тіркеу алымынан босату жөнінде шешім қабылданды.


Сондай-ақ, қалалық автобус тасымалдарын дамыту бойынша шаралар кешені әзірленді. Оны іске асыру саладағы проблемалық мәселелерді шешуге, сондай-ақ көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді.


Сонымен қатар:

- ЕАЭО көлік дәліздері жүйелерімен ықпалдастырылған көлік құжаттарын басқару жүйелерін цифрландыру;

- халықаралық жүк тасымалы үшін рұқсат беру жүйесі рәсімдерін автоматтандыру;

- еліміздің автобус паркін жаңарту сияқты жұмыстар жалғасады.


Еске сала кетейік, короновирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында 2020 жылдың 5-19 шілде аралығында облысаралық және қалааралық автобустардың жүруі тоқтатылды.


Карантин енгізілген сәттен бастап ҚХР, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Монғолия автокөліктерінің барлық түрлерімен жолаушылар мен багажды екі жақты тасымалдау, оның ішінде 117 тұрақты бағыт, сондай-ақ транзиттік жолаушылар тасымалы тоқтатылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді