Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алмаз Ыдырысов Еуропалық одақ – Орталық Азия II экономикалық форумына қатысты

Алмаз Ыдырысов Еуропалық одақ – Орталық Азия II экономикалық форумына қатысты
Фото: gov.kz

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов Алматыда өткізілген Еуропалық одақ – Орталық Азия II экономикалық форумына қатысып, шетелдік делегаттармен көлік-логистикасы және халықаралық көлік маршруттарын дамыту сынды бағыттарда аймақаралық байланыстарды  арттырудың жолдарын талқылады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Айталық, осы форумның аясында ұйымдастырылған «Еуропалық одақ – Орталық Азия сауда-көлік байланыстарын кеңейту» сессиялық отырысында ҚР ИИДМ басшысының орынбасары еуропалық әріптестерімен көлік дәліздерін дамыту, маршруттардағы кедергілерді жойып, Еуропа елдерімен өзара тиімді ынтымақтастықты арттыру мәселелерін қарастырды.

Мәселен, А.Ыдырысов Транскаспий халықаралық көлік маршрутының шығыс пен батысты байланыстырудағы перспективасы зор екенін, сондай-ақ оның инфрақұрылымын дамытуға байланысты жоспарлар туралы айтып берді. Бұл ретте вице-министр осы бағыттағы жобаларды іске асыру үшін, Еуропалық одақтың Global Gateway бастамасы аясында инвестициялар тартуға мүдделі екенін жеткізді.

Сонымен қатар А.Ыдырысов Латвия, Румыния және Финляндияның көлік және сыртқы саяси ведомстволарының басшыларымен кездесіп, екіжақты әріптестікті дамытудың мәселелерін пысықтады.

Тұтастай алғанда, Еуропалық одақ – Орталық Азия экономикалық форумы көлік саласындағы өзара жемісті қарым-қатынасты арттыруға жол ашты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді