Ср, 07 мамыр 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бір түнде армия авиациясының ұшқыштары Қостанай облысында 140-қа жуық адамды эвакуациялады

Бір түнде армия авиациясының ұшқыштары Қостанай облысында 140-қа жуық адамды эвакуациялады
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Екі тәулік ішінде апатты аймақтан көліктік-жауынгерлік тікұшақтардың экипаждары Арқалық қаласының эвакуациялық пункттеріне 240 адамды, оның ішінде 60-тан аса баланы жеткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.


Жергілікті тұрғындар апаттан аман қалу үшін үйлер мен басқа да ғимараттардың төбелерін паналауда. 

Адамдарды бортқа көтеру оңай шаруа емес. Көп тонналық тікұшақтарды ғимараттардың шатырларына мүмкіндігінше жақындату асқан шеберлікті қажет етеді. Зардап шеккендерді эвакуациялау кезінде барлық қауіпсіздік шараларын сақтау да маңызды. 

Арқалық маңындағы апат аймағында подполковник Миршат Сағындықов пен майор Асхат Сейіловтың басшылығымен Әуе қорғанысы күштері 19132 әскери бөлімінің тікұшақ экипаждары екінші тәулік құтқару жұмыстарын жүргізуде. 

– Көрінетін жарық бағдарларының болмауына байланысты түнде ұшу қиын. Электр қуаты барлық жерде өшірілген. Ұялы байланыс желісінің төмендігі де тапсырманы орындауды күрделендіре түсуде. Біз бұл жағдайда адамдарды құтқарудың жалғыз жолы екенін түсініп, қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, – деп жағдайды түсіндірді экипаж командирі Миршат Сағындықов.

Түнде құтқару жұмыстарын жүргізуге тек Әскери-әуе күштерінің ұшқыштарына ғана рұқсат етілгенін атап өткен жөн. 

Бұдан өзге осы түні Қорғаныс министрлігінің әскери-көліктік авиациясымен Алматыдан Оралға Төтенше жағдайлар министрлігі 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілерін жеткізді. Қосымша күш Батыс Қазақстан облысында су тасқыны салдарын жоюға жіберіліп отыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді