Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарулы күштердің әскерилері 50-ден астам адамды қар құрсауынан құтқарды

Қарулы күштердің әскерилері 50-ден астам адамды қар құрсауынан құтқарды
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Қарулы күштердің "Батыс" өңірлік қолбасшылығының 30238 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Ақтөбе облысында қар құрсауында қалған азаматтарға көмек көрсетті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Құтқару жұмыстарын ұйымдастыру үшін эвакуациялық топ және шынжыр табанды көп мақсатты жеңіл брондалған тягач бөлінді.

"Ауа-райының нашарлауына байланысты біздің әскери бөлімде өңірдегі жағдайды бақылау және мониторинг жасау жөніндегі жедел топ құрылды. Біз құтқару қызметтерімен және өңірдегі жол полициясы қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс істейміз. Адамдарды қажетті көмек көрсетілетін елді мекендерге жеткіземіз", – деп түсіндірді 30238 әскери бөлімінің командирі подполковник Сергей Бибулатов.

Әскери қызметшілер Хромтау ауданының Ақжар елді мекенінен 20 шақырым жерде қар құрсауында қалған екі вахталық автобусты шығарып алды. Жүк көліктерінің жүргізушілерін азық-түлікпен қамтамасыз етті. Трассадан әскери техникамен Ақжар кентіне жеткізілген адамдар уақытша ауыл мектебіне орналастырылуда.

Қазір өңірде жел басылып, ауа райы жақсарып келеді. Сондықтан жолды қардан тазартқан соң эвакуациялық топ тұрақты орналасқан жеріне оралуды жоспарлап отыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады