Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

2023 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстан «Баку-Тбилиси-Джейхан» құбыры арқылы мұнай экспорттайды

Қазақстан мұнай экспортын әртараптандыру жөніндегі арнаулы жол картасын әзірледі. Бұл жайында Сенаттың жалпы отырысынан кейінгі брифингіде Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған kazlenta.kz

«Бұл Ақтау порты арқылы Баку порты бағыты және одан ары Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбыры арқылы жөнелтіледі», - деді Үкімет басшысы БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Премьер-Министрдің атап өтуінше, Баку порты арқылы Қазақстан мұнайын Баку-Супса және Баку-Батуми мұнай құбырлары арқылы да тасымалдауға мүмкіндік бар. Бұған қоса Атыраудан темір жол арқылы Батумиге және Өзбекстанға мұнай экспорттауға болады. Сонымен қатар Қытай Халық Республикасына да мұнай экспортталады. Қазіргі уақытта дәл осы бағыттарда мұнай экспорты әлеуетін кеңейту және арттыру жұмысы жүргізіліп жатыр.


«Атап айтқанда, қазіргі уақытта бізде келер жылдың 1 қаңтарынан бастап Баку-Тбилиси-Джейхан құбыры арқылы 1,5 млн тонна мұнай жөнелту уағдаластығы бар. Алдағы уақытта оны 6-6,5 млн тоннаға дейін арттыру мәселесі де пысықталып жатыр», - деді Әлихан Смайылов.

Мұнан бөлек, Үкімет басшысы «Теңізшевройл» компаниясы цистерна вагондар санын екі есеге арттырып, Батуми мен Өзбекстанға темір жолмен мұнай жөнелтуді қолға алған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді