Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

"Қазавтожол" ауыр жүк көліктерінің иелерінен негізсіз ақы алды

Көкшетау көлік прокуратурасы жолдардың ақылы учаскелерінде жол жүру ақысын төлеу туралы заңнаманы сақтауына мәселесін талдау нәтижелері бойынша 605 тасымалдаушы кәсіпкердің құқықтарын қорғады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ филиалы «Астана-Петропавл» автожолының қиылысында ауыр жүк көліктерінің иелеріне жол жүру сомасын негізсіз есептеген. Ақылы учаске Көкшетау қаласы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының 304 шақырымынан басталады, алайда бірінші бақылау аркасы 309 шақырымда орналасқан.

Пайдаланушыға ақылы автомобиль жолына кірген кезде және бақылау аркасы арқылы өту кезінде жол операторының жария шартының талаптары қолданылатынын атап өткен жөн.

Мұндай жағдайларда кәсіпкерлік субъектісі үшін 5 км жол жүрудің құны 50 км-ге тең болды.

Прокуратураның араласуымен автожолдың көрсетілген учаскесінде шамамен 3,5 млн теңге сомаға 605 бизнес субъектісіне жол жүру үшін есептелген сома жойылды, ал заңдылықты бұзуды жою мақсатында жол өлшеу жүйесінің жұмысы қайта қаралуда.

Сонымен қатар, прокуратура елді мекендердің тұрғындары үшін «абоненттік төлем» енгізу мәселесіне бастамашылық жасады, ол профильді министрлікте қолдау тауып келісу сатысында.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді