Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бүгіннен бастап Үлкен Алматы айналма жолы ақылы болады

Бүгіннен бастап Үлкен Алматы айналма жолы ақылы болады
Фото: sputnik.kz

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы" бұйрығы күшіне енді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұйрыққа сәйкес, бір сағат ішінде жүріп өткен сапардың құны:

  • Жеңіл автокөлік – 241,5 теңге (0,07 АЕК);
  • 16 жолаушы орнына дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері – 276 теңге (0,08 АЕК);
  • 32 жолаушы орнына дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері – 483 теңге (0,14 АЕК );
  • 32 жолаушы орнынан автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері – 552 теңге (0,16 АЕК );
  • Жүк көтергіші 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері – 690 теңге (0,2 АЕК);
  • Жүк көтергіші 15 тоннадан басталатын, оның ішінде тіркемелері бар жүк автомобильдері, тартқыштар – 759 теңге (0,22 АЕК).

Сондай-ақ, құжатта көлік құралдарының көрсетілген санаттары үшін бір айға және бір жылға абонементтер сатып алу көзделген.

Сонымен, ай сайынғы абонементтің құны:

  • Жеңіл автомобильдер үшін бір айға – 0,5 АЕК (1725 теңге), бір жылға – 5 АЕК (17 250 теңге);
  • 16 орынға дейінгі автобустар мен жүк көтергіші 2,5 т дейінгі жүк автомобильдері үшін – бір айға 0,6 АЕК (2070 теңге), бір жылға – 6 АЕК (20 700 мың теңге);
  • 32 орынға дейінгі автобустар мен жүк көтергіші 5,5 т дейінгі жүк автомобильдері үшін – бір айға 1 АЕК (3450 теңге), бір жылға – 10 АЕК (34 500 теңге);
  • 32 орыннан асатын автобустар мен автопоездың жүк көтергіштігі 10 т дейінгі жүк автомобильдері үшін – бір айға 1,5 АЕК (5175 теңге), бір жылға – 15 АЕК (51 750 теңге);
  • Жүк көтергіші 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі автомобильдер үшін – бір айға 2 АЕК (6900 теңге), бір жылға – 20 АЕК (69000 теңге);
  • Жүк көтергіші 15 тоннадан басталатын, оның ішінде тіркемелері бар жүк автомобильдері үшін – бір айға 2,5 АЕК (8625 теңге), бір жылға – 25 АЕК (86 250 теңге).

Айта кетейік, Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы салтанатты түрде 2023 жылдың 16 шілдесінде пайдалануға берілді. Бұл жолдың құрылысы үш жыл бұрын түрік-корей консорциумы негізінде басталды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады