Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда 2 млн теңгеден астам айыппұлы бар жүргізуші ұсталды

Алматыда 2 млн теңгеден астам айыппұлы бар жүргізуші ұсталды
Фото: polisia.kz

Алматыда 2 млн теңгеден астам айыппұлы бар жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәселе Сейфуллин даңғылы мен Мақатаев көшесінің қиылысында полиция қызметкерлері ұстаған Toyota Land Cruiser көлігінің иесі туралы болып отыр. Автоматтандырылған бағдарламалық жүйелерден алынған мәліметтерге сәйкес, жол талғамайтын көлік жүргізушісі жол қозғалысы ережесін 73 рет бұзған. Айыппұлдың жалпы сомасы 2 миллион 223 мың теңгені құрады.

– Бұл бұзушылықтардың барлығы қаланың бейнежүйелері арқылы тіркелген. Сонымен қатар автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері жалған екені анықталды. Көлік айыппұл тұрағына орнатылды, көлік иесіне қатысты екі әкімшілік хаттама толтырылды, – деді жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Бұрын хабарланғандай, Алматы полициясы жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін пайдаланатын, көліктеріне арнайы белгі беру құрылғыларын орнатқан, көлік құралын мас күйінде басқарған және төленбеген айыппұлдары бар көлік жүргізушілерін анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша мақсатты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Басқаша айтқанда – қауіпті жүргізушілер.

Алматы полициясы тұрғындарға әкімшілік айыппұлды дер кезінде төлеу керектігін тағы да еске салып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады
Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті
Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур бизнес форумында сөз сөйледі
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады