Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Грузияда қазақстандық журналисті өлтірген адамға сот үкімі шықты

Грузияда қазақстандық журналисті өлтірген адамға сот үкімі шықты
Фото: Ашық дереккөзден

Грузияда сот қазақстандық журналист Жанбота Төлегенді өлтірген 50 жастағы Габриэль Хохобашвилиді 11 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы NeMolchi.kz қоры Instagram-парақшасында жазды.

Сот қылмыс квалификациясын өзгертіп, "пайдақорлық мақсатта кісі өлтіру" себебін дәлелденбегенін айтты. Іс прокуроры бұл шешіммен келіспей, апелляциялық шағым түсіретіні атап өтілді.

Сот құқықбұзушының өз кінәсін мойындауын мен балаларының болуын ескерді.

Бұған дейін қазақстандық журналисті Грузияда өлтіріп кеткенін жазған болатынбыз. 

Кейін Грузияның ішкі істер министрлігі Жанбота Төлегеннің өлімі туралы мәлімет берді.

Тергеу нәтижесі бойынша қасақана кісі өлтірді деген күдікті ұсталған. Ол 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін делінген еді.

Тергеу мәліметтері бойынша, Сагареджо муниципалитетінде күдікті мен журналист арасында жанжал туған. Ол Жанболат Төлегенді доғал затпен ұрып өлтірген. Күдікті марқұммен бұрыннан таныс болған.

Ол қылмыстың іздерін жасыру үшін әйелдің денесін өзенге лақтырған.

Сондай-ақ былтыр шілде айында журналистің өлімі туралы жаңа деректер жарияланды. Онда Жанбота Төлегеннің өліміне күдікті Габриэль Хохобашвили 2015 жылдан бері қазақстандық журналистпен қарым-қатынаста болғаны, бірақ олардың бірге тұрмағаны белгілі болған еді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді