Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанадағы автотехникалық орталықта студенттер үшін оқу кабинеті ашылды

Астанадағы автотехникалық орталықта студенттер үшін оқу кабинеті ашылды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астана қаласы әкімдігінің «Кәсіптік-техникалық колледжі» «Пионер Subary» авотехникалық орталығымен дуальді оқыту бойынша келісшарт жасасты, деп хабарлады kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Сонымен қатар аталған автотехникалық орталығы базасында ашылған оқу кабинетінің салтанатты түрде ашылу рәсімі болды. Іс-шараға Астана қаласының білім беру басқармасы, «Amanat» партиясы филиалы, Автомобилистер ассоциациясы өкілдері қатысты.Астана қаласы әкімдігінің «Кәсіптік-техникалық колледжі» директордың оқу-өндірістік жұмыстар жөніндегі орынбасары Омарбек Тілеубаевтың айтуынша, оқу орны қаладағы 60-қа жуық кәсіпорынмен іскерлік байланыс орнатқан.  Ондағы мақсат – студенттердің оқу-тәжірибе алмасуын жандандыру.

«Биылдан бастап «Пионер Subary» авотехникалық орталығымен келісімшартқа тұрдық. Келісімшарт нәтижесінде осы кәсіпорында студенттердің дуальді оқыту жүйесін енгізуді ұйғардық.  Кәсіпорын басшылары бізге ұсынысымызға қолдау білдіріп, осындай оқу кабинетін жасақтап отыр. Бұл жерде біздің студенттеріміз өндірістік-оқыту сабақтарын оқып, одан кейін жөндеу жұмыс орындарында тәжірибеден өтеді. Соның ішінде күрделі қозғалтқыштардың жұмысын үйренеді. Автокөлікке қандай қызмет көрсету керек, соның бәрін меңгереді», - деді Омарбек Тілеубаев.

Оның айтуынша, биыл, яғни бірінші жылы 24 студент осы кәсіпорыннан тәжірибе жинақтайды. Бір жақсысы, олардың өндірістік тәжірибеден өткен уақыты еңбек өтілі болып есептеледі.  Кәсіпорын өз мүмкіндігі шеңберінде оларға еңбекақы төлеуі де мүмкін.

«Біз автокөліктерге қызмет көрсету нарығында 18 жылдан бері келеміз. Жеңіл автокөліктерді жөндеу бойынша үлкен тәжірибеміз бар. Ең алғашқыда біз «Subary» көлігін жөндеуге бағытталдық. Қаржымыз бен аумағымыз кеңейген соң жаңа мамандарға деген қажеттілік туды. Бұл мақсатымызға біз студент жастарды үйрету арқылы жетеміз деп шештік. Міне, колледжбен келісімшартқа отырып, оқу-тәжірибеге арнайы кабинет ашып және жөндеу жұмыс орындарын ұсынып отырмыз. Болашақта жас мамандар кәсіби мамандардан тәлім алып, өз ісінің шеберлеріне айналады деген сенімдеміз», - деді «Пионер Subary» авотехникалық орталығы жетекшісінің орынбасары Ілияс Жұмағұлов.

Оның айтуынша, студенттерді автоцехтың болашақ мамандары ретінде тәжірибеден өткізген соң, әрі қарай да жас мамандарды біліктілігін көтеретін оқуға жіберіп, жұмыспен қамту мүмкіндігі қарастырылған.Ал елімізде 2025 жылға қарай дуалді оқытуға 100 пайыз көшу жоспары жасақталғанын ескерсек, аталған жоба – нәтижелі істердің бірі деуге болады.5413:47




скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты