Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмола облысында мас жүргізуші ЖБО камераларына түсіп қалған

Ақмола облысында мас жүргізуші ЖБО камераларына түсіп қалған
Фото: polisia.kz

Ақмола облысында мас жүргізуші ЖБО камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Осы жылдың 27 қаңтарында түнгі сағат 22:40 шамасында Көкшетау қаласы ПБ ЖБО қызметкері камералардың көмегімен банк маңындағы Ғабдуллин мен Әуелбеков көшелерінің қиылысында мас болып көрінген адамды байқады, содан кейін ол LADA Priora ВАЗ автокөлігінің рөліне отырып, орнынан қозғалған.

Жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіретінін түсінген ЖБО инспекторы аталған көліктің соңынан ерген патрульдік полиция қызметкерлеріне дереу нұсқау берді. Автокөлік Баймұқанов көшесі, 118-де тоқтатылды.

Жүргізуші ұсталып, наркологиялық диспансерге жеткізілді. Сараптама нәтижелері бойынша, құқық бұзушының ауырлығы орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі (Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі жүргізушінің көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамға беру) бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Көлік айыппұл тұрағына қойылды.

СҚО тұрғынының айтуынша, ол Көкшетау қаласына мерекеге келіп, көлікті тұраққа қоюды ұйғарған, алайда Көкшетау қаласының тәртіп сақшылары дереу заң бұзушылықты анықтап, оны жауапқа тартты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады