Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Экология министрлігінің климаттық саясат маманы Мәжіліс депутаттығына өтті

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің климаттық саясат департаменті директорының орынбасары Зүлфия Сүлейменова ҚР Парламенті Мәжілісіне Nur Otan партиясы атынан депутат болатын азаматтар қатарына кірді. Министр Мағзұм Мырзағалиев маманды Twitter парақшасында құттықтады, деп хабарлайды kazlenta.kz.


«Жапониядағы саяси зерттеу институтында докторантурада оқыған, Президенттік жастар кадрлық резервінде болған Зүлфия Сүлейменова Министрлік қабырғасында өзінің біліктілігін барынша көрсете білді. Зүлфия бұған дейін БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты аймағы үшін әлеуметтік және экономикалық комиссиясында қоршаған ортаны қорғау және даму дивизионында жұмыс істеді»,- деп жазды министр.


З. Сүлейменова қазір ғаламдық жылыну, Қазақстандағы мұздықтар мен ауызсу тапшылығы секілді аса өзекті мәселелерді зерттеп жүр.


«Маман бар тәжірибесін Мәжілісте де халық игілігіне тиімді қолданатынына сенім білдіремін», - деді М.Мырзағалиев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті